Төрт салмақта чемпион болған, аты аңызға айналған Роберто Дюран коронавирус жұқтырған болатын. Боксшы аурудан айығып, бүгін ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Бұл жаңалықты Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман мәлімдеді. Ол Instagram-парақшасында экс-боксшының ауруханадан шығарылған сәтінің видеосын жариялаған.

Еске салайық, өткен аптада 69 жастағы Дюран Панамадағы ауруханалардың біріне жеткізілген болатын. Сол кезде экс-чемпионнан COVID-19 табылған еді.