Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан чемпионатының тағы да тоқтатылғанын мәлімдеді Prosports.kz тілшісі ҚКФЛ сайтына сілтеме жасап.

Бұл шешім жаңа карантиннің енгізілуіне байланысты қабылданған. Коронавирус инфекциясының таралуына қарсы әрекет жөніндегі мемлекеттік комиссия 14 күнге шектеу шараларын енгізді. Жаңа карантин 5 шілдеде басталады.

Осы кезеңде барлық спорттық шараға тыйым салынады.

Айта кетейік, күшейтілген карантин шаралары ұзартылуы да мүмкін.

Еске салайық, футболдан Қазақстан чемпионаты наурыздың ортасында тоқтатылып, 1 шілдеде жалғасқан болатын. Сол күні Қазақстан Премьер-лигасының 3-тур матчтары өткен еді.