4 шілдеде жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов онлайн режимінде баспасөз мәслихатын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталатын іс-шара барысында спортшы карьерасындағы жоспарын бөлісіп, командасының болашағы туралы айтады, сондай-ақ журналистер мен жанкүйерлердің сұрақтарына жауап береді.
Онлайн-конференция «Россия сегодня» ақпараттық агенттігінің пратформасында өтеді.
Еске салайық, Хабиб Нурмагомедов ММА-де 28 жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтаған.
Комментарии