«Ливерпуль» футбол клубы «Бавария» ойыншысы Тьяго Алькантараны сатып алуға жақын, деп жазады Prosports.kz.

Испаниялық жартылай қорғаушы мен «Баварияның» келісімшарт мерзімі 2021 жылы аяқталады. Ойыншы өзін басқа чемпионаттарда сынап көргісі келеді.

«Бавария» 29 жастағы футболшыны 35 млн еуроға сатуға дайын. Бірақ «Ливерпуль» бұдан сәл төмен баға ұсынып отыр. Қос команда арасындағы келіссөз соңғы басқышқа өтті.

Айта кетейік, Алькантара мюнхендік клубқа 2013 жылы «Барселонадан» ауысып келген болатын. «Бавария» сапында 7 маусым өнер көрсетіп, 230 матчқа қатысты.