18 шілдеде 19 жастағы қазақстандық боксшы Талғат Шәйкен Алматыдағы бокс кешінде кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші орта салмақтағы шайқаста ол өзінің жерлесі Берікбай Нұрымбетовпен (5-0, 1 КО) жұдырықтасады.

Талғат Шәйкеннің жаттығуының видеосын Instagram MTK Kazakhstan менеджмент компаниясы жариялады.

Айта кетейік, әуесқой бокста Талғат Шәйкен - Жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері, жастар арасындағы Азия чемпионы және Қазақстан Республикасы Спартакиадасының жеңімпазы.