Шабуылшы Савелий Малетин мансабын «Алматы» хоккей клубында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

22 жастағы ойыншы өткен маусымда новокузнецкілік «Металлург» командасында өнер көрсетті. Аталған клуб сапында ЖХЛ аясында ол 32 ойынға қатсып, 5 (1+4) ұпай жинады.

Айта кетейік, бұған дейін хоккейші красноярскілік «Сокол» сапында бақ сынаған.