Бірінші орта салмақта WBC Asia және WBC Youth World титулдарының иегері, қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов жаттығу процесін жалғастырып жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Боксшы елордада жаттығушысы Ернұр Жаңабаймен бірге жаттығып жүр. Бұл туралы ол инстаграм желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегін желтоқсан айында Канадада өткізіп, аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты (12-6-2, 7 КО) жеңді.