Испан чемпионатының 33-турының алғашқы матчында «Барселона» мен «Атлетико» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Католондықтар ойын барысында екі мәрте есепте алға шыққанымен, «Камп Ноу» екеуінде де таразы басын теңестіре алды. Матчтағы төрт голдың үшеуі пенальтиден соғылды.

Шілденің 2-нен 3-іне қараған түні көшбасындағы «Реал Мадрид» «Хетафемен» кездеседі. Зинедин Зидан шәкірттері жеңіске жетсе, «Барселонадан» төрт ұпай озып, чемпиондыққа бір қадам жақындай түседі.

Айта кетейік, Испания чемпионатының аяқталуына 5 тур қалды.