Әлемнің бірінші ракеткасы Серб Новак Джокович 7 шілдеде коронавирусқа қайта тексеріледі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Сербия мен Хорватиядағы көрме турнирлері кезінде бірнеше теннисші, оның ішінде Джокович коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Сербиялық B92 компаниясының хабарлауынша, COVID-19 вирусын 33 жастағы спортшы мен оның әйелі Елена жұқтырып алған. Олар дәрігердің барлық ұсыныстарын ұстанып, оқшауланды.