UFC баспасөз қызметі твиттер желісіндегі ресми парақшасында аталған промоушеннің Fight Island-да («Сарбаздар аралы») өтетін алғашқы турнирдің промо-ролигін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

UFC 251 турнирі 11 шілдеде Абу-Дабидегі (БАӘ) Яс аралында өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта UFC чемпионы Камару Усман мен Гилберто Бернс жұдырықтасады. Бұдан бөлек негізгі жекпе-жектер қатарында Александр Волкановски - Макс Холлоуэй және Пётр Ян - Жозе Альдо кездесулері бар.

Сонымен қатар, қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі дебюттік кездесуін осы кеште өткізеді. Жерлесіміздің атақты промоушен туы астындағы алғашқы қарсыласы бразилиялық Раулиан Пайва болмақ. Бұл файтер 19 жекпе-жек өткізіп, 16 рет жеңіске жеткен. UFC-де үш кездесу өткізген. Оның біреуінде жеңіп, екеуінде жеңілген.

UFC 251 турнирінің толық карды::

Камару Усман — Гилберт Бернс (жартылай орта салмақтағы титулды жекпе-жек);Александер Волкановски — Макс Холлоуэй (титулды жекпе-жек, жартылай жеңіл салмақ);Петр Ян — Жозе Алдо (бос титульл үшін жекпе-жек, жеңіл салмақ);Джессика Андраде — Роуз Намаюнас;Пейдж Ванзант — Аманда Рибас;Волкан Оздемир — Йиржи Прохазка;Элизеу Залески дос Сантос — Муслим Салихов;Макван Амирхани — Дэнни Хенри;Леонардо Сантос — Роман Богатов;Марчин Тыбура — Александр Романов;Раулиан Пайва — Жалғас Жұмағұлов;Кароль Роса — Ванесса Мело;Мартин Дэй — Дэйви Грант.

Wheels up! We're off to the island for July 11th!#InAbuDhabi @VisitAbuDhabi #UFC251 pic.twitter.com/DK6g5e6vCO

— UFC (@ufc) June 29, 2020

Жұмағұлов UFC-дегі дебютін «Сарбаздар аралында» өткізеді