Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (13-0, 9 КО) жаттығу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Спортшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жайлаудағы жаттығу сәтінен видео жариялады.

Айта кетейік, Ербосынұлы 28 наурыз күні Квебекте (Канада) Тим Кронинге қарсы жекпе-жек өткізуі керек еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты аталған бокс кеші тоқтатылды.