Футзалдан Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені, рудныйлық «Аяттың» шабуылшысы Матеус Преа испаниялық «Винья Альбали Вальдепеньяс» клубына ауысты. Бұл команда испан Примерасы плэй-офф кезеңінің финалына шыққан, - деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Lanza Digital басылымына сілтеме жасап.

Futsalkazakhstan Инстаграм-парақшасының мәліметінше, ойыншы тамызда Испанияға аттанып, жаңа клубы сапында матчтарға дайындалады. Қазақстан чемпионаты 1 тамызда жалғасатындықтан, Матеус «Аят» сапында енді ойнамайды.

2019/21 жылғы маусымда Преа Қазақстан кубогының үздік сұрмергені атанған еді. Сондай-ақ, ел чемпионатының 17 ойынында 24 гол соққан, ал Чемпиондар лигасында алты матчқа қатысып, бес голдың авторы атанған.