Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Талғардағы стадионға Қазақстан премьер-лигасының матчтарын өткізуге рұқсат бермеді, деп хабарлайды Prosports.kz ҚКФЛ-ге сілтеме жасап.

«Базаның спорттық бөлігі жақсы жағдайда, табиғи футбол алаңының сапасы да жақсы. Алайда стадионда телетрансляциялар ұйымдастыруға арналған инфрақұрылым дұрыс емес. Бұл өте маңызды, себебі стадиондарға көрермендер кірмейтін кезде жанкүйер футбол матчтарын теледидардан тамашалайтыны анық», - деп жазды ҚКФЛ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ҚКФЛ «Астана» футбол клубына матчтарын өткізу үшін тағы бір стадион табу керек екенін айтты. Олай болмаған жағдайда клуб чемпионатқа қатыса алмайды.

Фото: ҚКФЛ.