Германия Бундеслигасының 2019/20 жылғы маусымы мәресіне жетті, деп жазады Prosports.kz.

Жылдың үздік ойыншысы атағын биыл «Бавария» ойыншысы Роберт Левандовский иеленді. Ол биылғы маусымда 8 рет айдың үздік ойыншысы атанған. Бундеслигада жылдың үздік ойыншысы жүлдесіне Левандовский осымен екінші рет қол жеткізді. Бұған дейін 2016-17 жылғы маусымда осындай марапатқа ие болған.

Сонымен қатар, Польша құрамасының шабуылшысы 34 гол соғып, Бундеслиганы үздік сұрмергені атанды.