Жартылай ауыр салмақтағы украиналық боксшы Александр Гвоздик мансабын не үшін аяқтайтынын айтты.

– Өзімді жақсы сезінемін. Жағдайым дұрыс. Бірақ өмірімде бір нәрсені өзгерту керегін, 33 жасқа келгенде денсаулығымның дұрыс болғанын қалайтынымды түсіндім, - деді Александр Гвоздик.

Украиналық боксшы 17 жекпе-жек өткізіп, оның 16-сында ұтып. бір рет жеңілді. Александр соңғы кездесуінде ресейлік Артур Бетербиевтен жеңіліп, WBC жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуінен айырылды.