УЕФА ұйымының ресми сайты Ұлттар лигасының екінші маусымындағы ойын кестесін жариялады. Бұл турнирде Михал Билек жаттықтыратын Қазақстан құрамасы С дивизионында өнер көрсетеді. Қарсыластарымыз - Албания, Беларусь және Литва құрамалары. Ұлттар лигасындағы бірінші кездесуді біздің құрама 5 қыркүйек күні сырт алаңда Литва құрамасына қарсы өткізеді.

Қазақстан құрамасының ойындар кестесі. 5 қыркүйек 00:45 (Нұр-Сұлтан уақытымен):Литва - Қазақстан7 қыркүйек (20:00):Қазақстан - Беларусь11 қазан (19:00):Қазақстан - Албания15 қазан (00:45):Беларусь - Қазақстан15 қараша (22:00):Албания - Қазақстан18 қараша (20:00):Қазақстан - Литва