Қазақстан хоккей ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны және елорданың «Барыс» клубының ойыншысы Брэндон Боченски Солтүстік Дакотадағы Гранд-Форкс мэрі қызметіне ресми түрде кірісті.

38 жастағы Брэндон Боченски сайлауғ 49,62 пайыз дауыс жинаған. Күні кеше бұрынғы хоккейші ант қабылдап, қызметін бастады.

Айта кетейік, Боченски АҚШ-та туып, Ұлттық хоккей лигасында бірнеше клубтарында, ал «Барыс» клубында 2010 жылдан бастап ойнаған. Боченски 2014 жылы Қазақстанның азаматы атанып, 2016 жылғы әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғады. Спортшы мансабын 3 жыл бұрын аяқтаған.