Қазақстандық шабуылшы Самат Сәрсенов Латвия чемпионатында бақ сынайтын «Валмиера» сапындағы кезекті ойынын өткізді, деп жазады Prosports.kz.
Жоғарғы лиганың үшінші турында оның командасы сырт алаңда «Вентспилспен» 2:2 есебімен тең тарқасты.
Самат Сәрсенов матчтың 71-минутында алаңға шықты.
«Вентспилс» (Вентспилс, Латвия) - «Валмиера» (Валмиера, Латвия) - 2:2
Гол cоққандар: Каспарс Сварупс 53, Гиорги Еристави 56 - Толуваласе Арокодаре 35, Крисс Карклинс 75
Айта кетейік, 23 жастағы Сәрсенов латвиялық клубқа ақпанның басында «Тараздан» ауысқан. Қазақстан Премьер-лигасында ол 23 матч өткізіп, бір гол соқты.
Комментарии