Испания чемпионатының 31-туры аясында «Бетис» өз алаңында «Эспаньолді» 1:0 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Кездесудегі жалғыз голды қорғаушы Марк Бартра соқты.

Осы ойында «Эспаньол» ойыншысы У Лэй өте жақын қашықтықтан бос қақпаға гол соға алмады.

Ойынның 89-минутында командаласының көлбете берген пасына бірінші болып жеткен қытайлық шабуылшы 100 пайыздық мүмкіндіктен мүлт кетті. Оның соққысын қақпашы қайтарып үлгерді.