Америкалық файтер Хорхе Масвидаль жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен жұдырықтасу үшін салмақ ауыстыруға дайын екенін мәлімдеді.

– Маған қажет ақшаны төлесе жеңіл салмаққа түсуге дайынмын. Хабиб – өз салмағының үздігі. Ол бос сөйлеп, өзіне жарнама жасамайды, - дейді Масвидаль.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов 19 қыркүйекте Джастин Гэтжиге қарсы жекпе-жек өткізеді деп күтілуде.