Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының кезектен тыс жиынында алдағы маусымда өткізілетін жарыстар тізбегі мәлім болды.

Делегаттар 2021 жылы Рига мен Минскіде өтетін әлем чемпионатының мерзімін бекітті. Әлемдік дода 21 мамыр мен 6 маусым аралығына жоспарланған.

Сондай-ақ, әйелдер командасы арасындағы әлем біріншілігі 2021 жылдың 7-17 сәуірі аралығында Канадада өтеді. Әйелдер командасы арасындағы 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасына іріктеу турнирі де келесі маусымға жоспарланған.

Алдағы маусымның басты бәсекелері қатарында төмендегі турнирлер бар: Хоккейден ерлер арасындағы әлем чемпионаты (элита), І,ІІ,ІІІ дивизиондағы (А және В топтары) әлем біріншілігі, 18 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты.