Италия чемпионатының 27-туры аясында «Интер» өз алаңында «Сассуоломен» 3:3 есебімен тең тарқасты, деп жазады Prosports.kz.

Алаң иелер сапынан Ромело Лукаку (41-минут, пенальти), Кристиано Бираги (45) және Борха Валеро (86) гол соқты. Ал қонақтар сапынан Франческо Капуто (4), Доменико Беррарди (81, пенальти) және Джанджакомо Маньяни (89) мергендік танытты.

Осы ойында «Интер» ойыншысы Роберто Гальярдини екі метр аралықтан бос қақпаға гол соға алмады.

Ойынның 64-минутында Лукаку мен Лаутаро Мартинес шабуыл бастаған. Мартинес айып алаңына кірген бетте көлбете пас берді, Лукакудың жақын қашықтықтан жасаған соққысын қақпашы қайтарды. Қақпашыдан қайта серпілген доп Гальярдинидің аяғына келген. Алайда италиялық футболшы бос қақпаны дұрыс көздей алмады.