UFC-де сәтті өнер көрсеткен қазақстандық файтер Мария Агапова кезекті суретін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы спортшы Инстаграм желісіндегі парақшасына жариялады: «Сағат түнгі екі. Жақын құрбым @babaika_ku Оля Кузьмичеваға арналған суретімді аяқтадым. Жаңа жобаларға дайынмын».
Еске сала кетейік, UFC-дегі дебюттік кездесуінде Агапова америкалық Ханна Сайперсті бірінші раундта сабмишнмен жеңді.
23 жастағы қазақстандық әйел сегізбұрышқа 22 тамызда оралады, оның қарсыласы - тағы бір америкалық, 31 жастағы Шана Добсон.
Фото ufc.com
Комментарии