«Шахтер» ел чемпионатына дайындық кезінде «Жетісу» командасымен жолдастық матч өткізуді жоспарлаған.

Қарағандылық команданың ойыншылары мен жаттықтырушылары коронавирус бар-жоғын тексеретін тест өтті. Барлық тест кері нәтиже көрсеткеніне қарамастан, бір футболшының қызуы көтерілгендіктен жолдастық матчты өткізбеуге шешім қабылдады.