Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4КО) өзінің Инстаграмдағы парақшасында жаттығуының видеосын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жәнібек рингке соңғы рет 2019 жылдың 9 қарашасында Фресно қаласында (АҚШ, Калифорния) шығып, канадалық Альберт Онолуноспен (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутпен жеңді.

28 наурызда Канаданың Квебек қаласында 27 жастағы қазақстандық өзінің WBC Continental Americaas және WBO Global титулдарын ганалық Исса Самирмен (18-0, 15 КО) жекпе-жекте қорғауы керек еді, бірақ олардың қатысуымен болатын бокс кеші пандемияға байланысты өтпейтін болды.