1-4 шілде аралығында Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Орталық Азия елдеріндегі жаттықтырушыларға арналған онлайн-семинар өткізеді.

Қазақстандық ұйымның бастамасын Азия қауымдастығы мен World Athletics қолдап отыр. Онлайн сессияға әр елден төрт адам қатыса алады.

Онлайн семинарлардың басты тақырыбы төмендегідей:

Снаряд лақтыру түрлерінің негіздері мен биомеханикасы;

Снаряд лақтырушылардың дайындығын жоспарлау;

Снаряд лақтырушылардың техникасын арттыруға арналған арнайы жаттығулар;

Снаряд лақтырушылардың арнайы физикалық қасиетін дамыту;

Жарыс кезінде қажетті психологиялық ерекшеліктер және тағы да басқа.

Дәріс берушілер: ІІ деңгейдегі World Athletics лекторы Александр Кругликов, әлем рекордшысы, 15 жылдық еңбек өтілі бар бапкер Виктор Евсюков.

Семинарға қатысушылар арнайы сертификатпен марапатталады.