Енді Америкалық боксшы Флойд Мейвезердің (50-0, 27 КО) рекорды үздік нәтиже емес. Таиландта оның рекорды бұзылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

21 маусымда жеңіл салмақта WBC чемпионы 34 жастағы Ванхенг Менайотин (54-0, 18 КО) карьерасын аяқтады.

Ол 2018 жылы тамызда Флойдтың көрсеткішінен озған еді, бірақ карьерасын жалғастырған. Сондықтан тай боксшысы жеңіліп, Мейвезердің рекорды сақталатын мүмкіндік болған. Алайда Менайотин кеше карьерасын аяқтады. Кәсіпқой бокстағы көрсеткіші - 54 жеңіс. Жеңіліс жоқ.

«Менің денемді өзімнен артық ешкім білмейді. Тоқтайтын уақыт жеткен сияқты. Иә, ақша бәріне керек, бірақ мен денім сау күйімде қалғым келеді», - деді таиландтық боксшы.