«Ростов» Ресей Премьер-лигасының 23-турындағы «Сочиге» қарсы матчты қайта ойнатпақ, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Sport24.ru мәліметі бойынша, ростовтық клуб 1:10 есебімен жеңілген ойынды қайта өткізуді қалап отыр.

Бұған дейін «Ростовтың» 6 футболшысынан коронавирус табылып, команда карантинге жабылған. Ал «Сочиге» қарсы матчта 2001-2004 жылғы жас футболшылар ойнаған еді.

Metaratings.ru мәліметіне сүйенсек, матчтың қайта ұйымдастырылуына мүмкіндік аз. Себебі ойында Ресей футбол одағының еш ережесі бұзылмаған.

Айта кетейік, «Ростов» сапында қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдинов ойнайды. Ал «Сочи» сапында тағы бір қазақстандық - Акмаль Бахтияр өнер көрсетеді.