Бүгін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC Fight Night 173 турнирі өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жектерінің бірінде қос америкалық файтер Джош Эммет пен Шейн Бургос жұдырықтасты. Жекпе-жек үш раундқа созылды. Төрешілер бірауыздан Эмметті жеңімпаз деп таныд - 29:28, 29:28, 29:27.

Айта кетейік, Джош 16 мәрте жеңіске жетіп, 2 рет жеңілген. Ал Шейн мансабында 15 жекпе-жек өткізіп, екеуінде жеңілді.