Хоккейшілерге шағын топтарда жеңіл жаттығуға рұқсат берген ҰХЛ карантиннің екінші кезеңі аясында 200-ден астам ойыншыға коронавирусқа тест тапсыртты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нәтижелер оң бола қоймады - 11 ойыншыға ауру диагнозы қойылды. Барлық ойыншылар карантинге кеткен.

ҰХЛ клубтар мен ойыншылардың аттарын атамауды жөн көріп отыр. Кеше «Тампа-Бей» клубында үш ойыншының ауырғаны белгілі болды. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында «Торонто» көшбасшысы Остон Мэттьюз ауырып жатқаны хабарланды.

Лига алдағы апталарда ойыншыларды таңдап тест алады.