«Барселона» футбол клубының ойыншысы Лионель Месси арты жанжалға ұласқан салық мәселесінен кейін тергеуге алынды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

The Gurdian басылымының мәлімдеуінше, аргентиналық футболшы мен оның агенті әрі әкесі екеуі 52 миллион евро салық төлеуден жалтарғаны үшін айыпталып отыр. Алтын доптың төрт дүркін иегерінің үстінен қылмыстық іс жүргізілуі мүмкін.

Мессиге жақын дереккөз: «Осыған ұқсас жағдайларға тап болған әлемге танымал спортшылар бар. Мысалы: Икер Касильяс, Хаби Алонсо немесе Рафаэль Надаль. Бұларда салық төлеуден жалтарғаны үшін айыпталған болатын, дегенмен бәрі де әкімшілік жолмен шешілді. Тек Мессидің ісі ғана ашық сотта қаралып, түрмеге түсіп қалу қаупі бар. Ол Испаниядағы мұндай жағдайға тойдым деп отыр. Сол себепті басқа жаққа кеткісі келеді».