УЕФА Атқару комитеті 2022 жылғы Әлем чемпионатына арналған Еуропалық іріктеу турнирінің форматын бекітті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еуропаның 55 командасы он топқа бөлінеді. Олардың бесеуінде алты команда, қалған бесеуінде бес команда болады.

Әлем чемпионатына тікелей жолдаманы топ жеңімпаздары алады. Қалған үш орын плей-офф ойындарының нәтижесі бойынша анықталады, оған топта екінші орын алған командалар қатысады. Сондай-ақ Ұлттар лигасының 2020/21 маусымының топтық кезеңінде бірінші және екінші орын алған командалар да қатысады. Плей-офф кезеңі жартылай финалдық және финалдық кездесулерден тұрады.

УЕФА ұсынған форматты енді FIFA мақұлдауы керек.