Испан чемпионатының 30-туры аясында турнир көшбасшысы «Барселона» үшінші орындағы «Севильяны» ұта алмады.

Кездесу 0:0 есебімен аяқталды.

«Барселонаның» басты бәсекелесі осы турдың ойынын екі күннен кейін қонақта «Реал Сосьедад» командасына қарсы өткізеді. Мадридтік клуб жеңіске жетсе, «Барселонамен» ұпай саны теңесіп, қосымша көрсеткіштер бойынша бірінші орынға шығады.

«Севилья» - «Барселона» - 0:0

«Севилья»: Вацлик, Кунде, Регилон, Диего Карлос, Навас, Жордан (Гудель, 69), Фернандо, Оливер Торрес (Банега, 46), Окампос (Васкес, 84), де Йонг (Эн-Несири, 69), Мунир (Сусо, 59).

«Барселона»: тер Штеген, Пике, Лангле, Альба, Семеду, Видаль (Гризманн, 77), Бускетс, Ракитич, Суарес, Брэйтуэйт (Артур, 63), Месси