Ресейлік қорғаушы Илья Ковтун мансабын Қазақстан чемпионатына ойнайтын рудныйлық «Горнякта» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өткен маусымда уфа хоккейінің түлегі Череповецтің «Алмазы» мен альметьевсктік «Спутникте» ойнады. ЖХЛ-дың тұрақты маусымында ол 55 матч өткізіп, 18(3+15) ұпай жинады.