«Манчестер Ситидің» бас бапкері Пеп Гвардиола жартылай қорғаушы Лерой Саненің командадан кететінін растады.

– Сане келісімшартын ұзартудан бас тартты. Жазда командадан кеткісі келсе жіберуге дайынбыз, - деді жаттықтырушы.

Лерой Санеге «Баварияға» қызығушылық танытып отыр. Қос тарап келіссөзді бастап кеткен. «Қалалықтар» ойыншысын 70 миллионға еуроға сатуға дайын екенін айтса, неміс командасы бар болғаны 40 млн еуро ұсынған.

Саненің қазіргі командасымен келісімшартының мерзімі келер жылы аяқталатынына қарамастан «Бавария» оны биыл қатарына қосуды көздеп отыр.