IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин жаттығу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстандық боксшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында бокс залында серіктерімен бірге тұрған фотосуретін жариялады. GGG-дің жанында оның жаттықтырушысы Джонатон Бэнкс және ресейлік хоккейші Илья Ковальчук тұр.

Айта кетейік, бұған дейін Ковальчук Головкиннің жетекшілігімен жаттығып жатықанын көрсеткен болатын.