Букмекерлік кеңселердің пікірінше, Қазақстан Кубогының финалында кімнің жеңіске жететінін дәл басып айту мүмкін емес, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл кездесуде басымдық сәл «Ақтөбеге» ауыр тұр. «Олимп» букмекерлік кеңсесі батысқазақстандықтардың жеңісіне 2,11 коэффициент ұсынып отыр. Ал «Қайратқа» - 3,44. Матчтың тең аяқталу мүмкіндігі 3,39 коэффициентпен өлшенген.

Букмекерлердің пікірінше матчта 1:1 немесе 0:1 («Ақтөбенің» пайдасына) есебінің тіркелу мүмкіндігі жоғары.