"Лейпциг" Франция чемпионатындағы "Монако" сапында ойнайтын Виссам Бен Йеддерге көз тікті.

Le 10 Sport хабарлағандай, "Лейпциг" 29 жастағы шабуылшыны осы жазда сатып алмақшы.

Неміс клубы француз футболшысы кеше ғана лондондық "Челсимен" келісімшартқа отырған Тимо Вернерді алмастыра алады деп сеніп отыр.

Осы маусымда Лига 1-де Бен Йеддер "Монако" сапында 26 ойын өткізіп, 18 гол соқты.