«Бавария» футбол клубы «Барселона» ойыншысы Филиппе Коутиньоны жалға алу мерзімін ұзартқысы келеді, деп жазады Prosports.kz.

Мюнхендік клуб жартылай қорғаушыны маусымның соңына дейін команда сапында алып қалуға ниетті. «Бавария» Бундеслигада чемпион атанды. Бірақ олар 28 жастағы ойыншының тамыз айында басталатын Чемпиондар лигасында командаға көмектескенін қалайды.

Айта кетейік, Коутиньо «Баварияға» 2019 жылдың жазында «Барселонадан» жалға берілген. Осы маусымда бразлилиялық ойыншы 32 матчқа қатысып, 9 гол соқты және 8 нәтижелі пас шығарды.