Орта салмақта WBA Super және WBC Franchise, екінші орта салмақта WBA Regular чемпионы Сауль «Канело» Альварес келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы мексикалық боксшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жазды.

Айта кетейік, «Канело» рингке қыркүйек айында оралуы мүмкін. Оның кезекті қарсыласы ретінде Билли Джо Сондерс, Дэвид Бенавидес, Хайме Мунгия, Сергей Деревянченко және Калеб Плант қатарлы боксшылардың аты аталып жүр.