Футбол қақпасы — бұл тоқсан минуттық күш, тер, ауыру, пастар, амалдар, болмысыз жалған әрекеттер, бар команданың топталған ынтасы бір сәтте ғайып бола алатын қара тесік. Бір адамның жалғыз қате қимылы жеткілікті. Қолмен сәл ғана жетпей қалу, сәл ғана секіруді қате санау және міне, жанкүйерлер өкпемен ысқырады, жігіттер басын төмен түсіріп, алаңнан кетеді. Бағана және тормен белгіленген (әлде мектептің алаңқай жеріндегі екі тас) өмірлік кеңістік – ойын кезінде ең маңызды зат. Осы кеңістікті қорғағанда қолған киген адамның жанкештілігіне ғасырлардың үздік жауынгерлері  қызыға алады.
 
Николай Родионов осыны жасады, басқасын қойғанда, әрі әсем істей алатын. Қазір Николай «Астана» командасында өзінің тәжірибесімен бөлісуде: қақпашыларды жаттықтырады және елордалық команданың «алтынында» оның да еңбегі аз емес, деп айтуға болады.
 
- Әдетте ата-ана өзінің баласын қолға ұстап, әлдебір секцияға немесе үйірмеге береді, - деп бастады Николай. - Ал мен футболды өзім таңдадым. Бірінші сыныпта оқыған кезімде топты жинап жатқаны туралы білдім. Кіргім келгені сонша, тіпті бапкерге «жасым тоғызда», деп өтірік айттым. Әрине, кейін барлығы ашылды, бірақ тым кеш. Ойнауды «Локомотив» стадионында бастадым. Он жасымда Қазақстан жастар құрамасының базасы болған олимпиядалық резерв мектебіне түстім. «Алматы – 1» темір жолы вокзалының аймағында тұрдым. Жаттығуларға үлгеру үшін таңғы алтыда тұрып, алғашқы троллейбусқа отыратынмын және Тимирязев көшесіне барамын.
 
1990 жылы бапкер Павел Петрович Черепанов келісім-шарт бойынша Қытайға жұмысқа кетіп қалды. Біздің жылдың командасы жабылды. ЦСКА олимпиядалық резерв мектебіне өтуіме тура келді. Орта мектепті, осы клубтың қарамағында мектептің екі курсын аяқтадым, әскери екі жылды да ЦСКА -да қызмет еттім. Және футбол мансабын да «әскерилерде» бастағанмын. 1992 жылы Қазақстанның бірінші чемпионаты өткен. Мені шеберлердің командасына мәлімдеді: мен бірінші шеңберде сегізінші қақпашымын. Бірінші шеңберден кейін жеті қақпашы басқа командаларға кетіп қалды. Және Қазақстан суперлигасында мен алаңға шығатынмын. Сол уақытта «Қайратта» нағыз жұлдыздар ойнаған: Масудов, Волгин, Огай! Суперлиганың нағыз ортасында болу – он бес жасар жігіт үшін жақсы өмірлік мектеп. Мені байқап, Хромтауға шақырды. «Кенші» (Хромтау) – көшбасшы командалардың бірі, сол кезеңдерде республикадағы ең бай. «Кеншіде» қазақстандықтар аз болатын, негізгі құрам – ресейліктер. Сонда, 1993 жылы біз Қазақстан чемпионатының қола жүлдегерелері атандық.
 
 
- Сіздің әкеңіз Виктор Родионов – атақты хоккейші. Мүмкін спортқа деген сүйіспеншілік мирасты шығар?
 
- Әкем КСРО бірінші лигасының «Еңбек» командасы үшін ойнаған. Әскери борышын өтеп, үйленді. Үлкен спортты тастады. Үйде медальдары сақталған – өткен жетістіктері туралы естелік. Әкем үнемі мені стадиондарға ертетін. «Локомотивте» әр демалыстарда доп қуатынбыз. Әр жылда Қара теңізге барамыз. Жасым бесте болғанда ол мені жақсы жүзуге үйретті. Жеті жасымда үш баллды дауылда жүздім. Үш метрге жететін толқындар, демалушылар жағажайда қорқыныштан ауыз ашты. Теңізде екі-үш үлкен және мен. Және ата – анам бұны оңай қабылдады! Анам спортқа селсоқ, бірақ әрқашанда бұл әуестікті жақындарында қолдаған. Біздің отбасымызда басқа жанұяларда сияқты емес болғанына ата – анама алғыспын, олар «Үшті түзетпесең – жаттығуға бармайсын!» деп балаларды қорқытпағанына.
 
- Үштіктер болды ма?
 
- Негізі мен оңды оқитынмын. Жетінші сыныпқа дейін екпінді болатынмын. Ал олимпияда резерв мектебіне өткеннен кейін, сабаққа уақыт табылмады: Кеңес Одағы бойынша үздіксіз сапарлар. Бапкер біздің ұстазымыз. Үй жұмыстарын тексеруге уақыты болмайтын! Орта мектепті мен үш үштікпен аяқтадым. Ал институтта бағаларым жақсы болатын.
 
- Алғашқы бапкер өмір бойы есте қалады дейді...
 
- Әрине! Олег Владимирович Псарев – әулетті жаттықтырушы. Оның әкесі Вадим Псарев олимпияда жеңімпаздарының және грек – рим күресі бойынша әлем чемпиондарының бірнеше ұрпағын жеткізді, КСРО еңбек сіңірген спорт шеберлерінің көбісін. Олег Псарев өте жақсы футболшы болатын, бірақ жарақат үшін футболдан ерте кетті. Нақты оған түскенім – жолым болды. Мен қақпашы қойған сол. Тоғыз жасыма дейін шабуылшы болатынмын. Маған гол соққан ұнайтын. Бірақ Олег Владимирович айтты: «Сенің көрсеткіштерің бар, бойың бар! Қақпаға тұр!». Және ақырындап мені қақпаға ысырды. Бүгін мен оған өте алғыспын. Балалар командаларының бапкерлерінің алдында иілу қажет: аздаған ақы үшін жұмыс істеп, балаларға жанын салады!
 
- Қақпашыда қандай қасиеттер болу керек?
 
- Реакция мен төзімділік маңызды. Жаспен тәжірибе келеді. Суперлига үшін мені қорғаушы қылып шығарған, «Қайрат» үшін шеткі жартылай қорғаушы да болдым. Қолымнан келетін. Қақпашы әр ойыншы қалай ойнау керектігін түсінеді. Бізге қақпашы алаңынан белгілі -бір жағдайда ойыншылардың әрекеттері көрініп тұрады, ал қақпаға әркім тұра алмас.
 
- Бәсекелестік – әдетте спортта шешуші сәт. Бірақ қақпада бір қақпашы тұрғанда, басқасы ренжімей ме?
 
- Ұлы футболшылардың бірі айтқан: «Қақпашылардың арасында жаман адам болмайды». Қақпаға кімнің тұратыны қазіргі сәтте кімнің үздік екеніне байланысты. Қақпашылар – ерекше топ, біз тіпті басқалардан бөлек жаттығамыз. Бізде реніш болмайды. Қақпашылар бір – біріне түсінбеушілікпен қарай алмайды.
 
- Ойын мансабыңызда қай матч ең жауапты болды?
 
- Ондай сәттер көп болған. Әр ойын жауапты. Өткінші матчтар болмайды. Әр ойыңға ең маңызды деп дайындаласын. Бұл – жұмыс.
 
- Футболшылар әскери сияқты: үнемі мекендеу жерін ауыстырады. Алматының байырғы тұрғыны үшін басқа қалаға кету қалай екен?
 
- Оп – оңай! Мен кішкентайымнан сапарларға үйрендім. Және қазір де демалыста үйде бір – екі апта отырып, кейін әлбетте басқа жаққа тартады. Еліміздің қиын кезеңдері әркімнің есінде. 1996 жылы мен Теміртауға түстім. Не газ, я жарық жоқ, айнала кедейлік! Командада барлығы жергілікті жігіттер, жалғыз мен – сырттан келген, жалғыз өзім базада тұрдым. Тәуліктік 150 теңге. Тамақ жасауды үйрендім: қуырылған картоп, сорпа, палау. Пайдалы тәжірибе!
 
- Ал қазір тамақ жасайсыз ба?
 
- Жоқ! Жұбайым жасайды. Білемін, қазір біздің қалай танысқанымыз туралы сұрақ болады. Жауап беремін: дискотекада. Татьяна Риддер қаласының тумасы, бұл Шығыс Қазақстан. Алматыда Химия – техникалық университетінде оқыды. 2002 жылдың қарашасында, маусым аяқталған соң, үйлену тойын тойладық.
 
- «Мінсіз әйел қандай болу керек?» деген біздің сауалнаманың сұрағына сіз «90-60-90» деп жауап қайттыңыз. Бұл түбегейлі ме?
 
- Әзіл болатын. Жалпы мінсіз адам болмайды, деп есептеймін. Мен үшін әйелде түр әсемдігінен гөрі, адами қасиеттері маңыздырақ. Менің жұбайым – менің мінсіз адамым! Менің жолым болды, өзімнің екінші қосағымды таптым. Сөзсіз, кемшіліксіз отбасы болмас. Бірақ, біз Татьянамен 12 жыл біргеміз. Татьяна менің әлсіздіктерімді, мен оның әлсіздіктерін білемін. Бір – бірімізге көнуге тырысамыз. Бірақ, ол жиірек көнеді. Егер ұрыссақ, мен татуласуға бірінші болып барамын, тек келесі таңда ғана. Алаңдаймын, бірақ «үзілісті жасаймын»!
 
- Ал гүл сыйламайсыз ба?
 
- Міндетті түрде! Бірақ Татьяна кесілген гүлдерді сыйламасын, деп сұрады, ол құмырадағы кактустарды жақсы көреді. Терезенің алдында нағыз джунгли өсуде.
 
- Қалай ойлайсыз, нағыз дос көп болу керек пе?
 
- Футбол әлемінде менің достарым көп: ол адамдармен араласу жағымды, олармен ортақ қызығушылықтар мен көзқарас. Бірақ, қиын сәтте көмекке келер, барлығын тастап өзің жүгіретін жақын достар көп болу мүмкін емес.
 
- Сіздің мінезіңіздің негізгі ерекшелігі?
 
- Тұрақтылық шығар. Өмірде барлық сыналғанды жақтырамын. Менде солай болып кетті: егер белгілі – бір фирманың  заттары ұнаса – дәл оларды сатып аламын. Мысалы: Panasonic – менде бар тұрмыстық техника осы үлгіде. BMW – да қуаттылығы ұнайды және кезекті автокөлікті осы үлгіде аламын. Ал жалпы, мен үшін адамдарда ең маңызды – қайырымдылық, ықыластылық... Мейірімділік... Өкінішке орай бүгін бұл сәл ұмытылған ұғым. 
 
fca.kz cайтының ақпараты бойынша