Лондондық «Арсенал» клубы қазақстандық банкпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Келісімшарттың мерзімі үш жылға жоспарланған. Келісім бойынша ағылшындық команда Қазақстанға келіп, банк атынан әр түрлі іс-шараларға қатысады. Ал банк болса «Арсенал» клубының атрибутикалары мен ойынды «Эмирэйтс» стадионында тамашалауға мүмкіндік беретін билеттерді сатуға құқылы.