Атыраулық «Бейбарыс» қатарына ресейлік қорғаушы Алексей Рыжих оралды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Новосибирск хоккейінің түлегі атыраулық командада 2015 жылдан 2017 жылға дейін ойнады. 2015/2016 маусымда "Бейбарыс" сапында Қазақстан чемпионы атанды.

Өткен маусымда Рыжих «Ценг Тау» клубында өтті. Кезекті ЖХЛ чемпионатында ол 47 кездесуге қатысып, 10 (6 + 4) ұпай жинады.