Ертең ҚР Кубогының финалдық ойынында алматылық «Қайрат» пен «Ақтөбе» клубы кездеседі, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Айта кетейік, «Ақтөбе» клубы жуырда аяқталған футболдан ҚР чемпионатында күміс медаль иеленген. Ал, «Қайрат» командасы Премьер-лигада үшінші орын алған еді.
 
«Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы ойынды «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде сағат 14:50-де көрсетеді.