Гандболдан Қазақстан ұлттық құрама командасы оқу-жаттығу жиындарына кірісті, деп хабарлайды Prosports.kz. ҰОК сайтына сілтеме жасап.

11 маусымда басталған оқу-жаттығу жиындары 29 маусымға дейін жалғасады. Ұлттық құраманың карантиннен кейінгі алғашқы жаттығу жиыны Алматы қаласында орналасқан «Достық» спорт кешенінде өтіп жатыр. Жиынға қатысу үшін Қазақстан ұлттық құрамасынан 15 спортшы шақырылған. Сонымен қатар, команда дәрігері мен массажист спортшылармен бірге оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.