Азия Велоспорт Конфедерациясы (ACC) 2020 жылғы тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатын өткізбейтін болды, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстан велоспорт федерациясының хабарлауынша, мұндай шешім коронавирус пандемиясына байланысты қабылданып отыр.

Чемпионат бастапқыда 17-22 наурыз аралығында Киберджая қаласында (Малайзия) өтеді деп жоспарланған. Бірақ кейін белгісіз мерзімге шегерілген. Енді веложарыс мүлдем өтпейтін болды.