«Қайраттың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин Санкт-Петербург клубында жаңа қызметке орналасуы мүмкін. Бұл туралы Вячеслав Короткиннің Telegram-ында хабарлады.

Қазіргі уақытта экс-футболшы - «Зениттің» спорт жөніндегі директоры қызметін атқарады.

Дереккөздің хабарлауынша, 2021 жылдың жазында 39 жастағы Аршавин Хавьер Рибалтаның орнына клубтың спорт директоры болуы мүмкін.

Айта кетелік, Аршавин алматылық клубта 2016-2018 жылдары доп тепті. Ол - Қазақстан Суперкубогының иегері