АҚШ-та белгісіз біреу бардың кіреберісінде сегіз адамды атып жіберген, деп хабарлайды Prosports.kz The New York Times басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Сан-Антонио қаласының (Техас, АҚШ) орталық бөлігінде болды.

Ер адам мас болғандықтан, оны барға кіргізбей қойған. Ол мылтық алып шығып, адамдарға атқылай бастады.

«Ол машинасына қайта оралып, ұзын мылтықты алып шықты және көшеде әрлі-берлі жүріп: «Менің кім екенімді білесің бе? Мен калифорниялық UFC файтерімін! деп айқайлай бастаған » - деді Сан-Антонио полиция бөлімінің бастығы Уильям МакМанус.

Бақытқа орай, зардап шеккендер аман қалды. Барлығы бес әйел мен үш ер адам жарақат алды.