«Тараз» командасының ойыншысы Жақып Қожамберді «PROСПОРТ» тілшісіне «Ертістің» ұсыныс жасағанын, тағы да 4 клубтың қызығушылық танытып отырғанын айтып берді.
 
 
- Жақып, «Тараз» жаңа келісімшарт ұсынбады ма?
 
- Менде әлі «Таразбен» бір жылдық келісімшартым бар. 
 
 
- Отандықы басылымдар керекулік «Ертіс» ұсыныс жасады деп жазыпты..
 
- Иә, ол шын.
 
 
- Команда ауыстыратын ойыңыз бар ма?
 
- Ол жағын алда көре жатармыз.
 
 
- Басқа командалардан ұсыныс түсті ма?
 
- Қазір төрт команда қызығушылық танытып отыр.
 
 
- Жасырын болмаса атап бере аласың ба?
 
- Жоқ, ол жағы әзірше құпия бола тұрсын. Уақыты келгенде бәрін білетін боласыздар.