Италия кубгының жартылай финалы аясында «Наполи» мен «Интер» командалары кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Милан қаласында өткен алғашқы ойында «Интер» 0:1 есебімен жеңіліп қалған. Сол үшін қарымта ойында тек нәтижелі жеңіс ғана керек еді.

«Интер» матчты қарқынды бастады. Ойынның бар болғаны 4-минутында Кристиан Эриксен гол соқты. Алайда бірінші таймның осңына қарай «Наполи» есепті теңестіріп кетті. Гол соққан – Дрис Мертенс.

Осылайша, «Наполи» ойыншылары Италия кубогының финалына жолдама алды. Финалда «Ювентуспен» кездеседі.

Италия кубогы. 1/2 финал. Қарымта матч

«Наполи» (Неаполь) – «Интер» (Милан) 1:1 (Алғашқы матч – 1:0)

Гол соққандар: 0:1 – Эриксен (4), 1:1 – Мертенс (41).